---
ШҚО-да балалардың құқықтарын қорғау үшін «URPAQ» чат-боты жұмыс
ШҚО-да балалардың құқықтарын қорғау үшін «URPAQ» чат-боты жұмыс істейді Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылдың наурыз айында Telegram мессенджерінде (@VKO_URPAQ_BOT) іске қосылған «URPAQ» чат-боты жұмыс істейді. Бұл жоба балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. Чат-ботты қолдану ыңғайлы болу үшін сілтемесі бар QR-кодтар мектептерде, мемлекеттік мекемелерде және халық көп жиналатын орындарда орналастырылған. Сонымен