Мектептің өзін-өзі талдауы 2021-2022 оқу жылы
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «№5 орта мектеп» КММ-нің
2021-2022 оқу жылында
өзін-өзі бағалауы
1.Мақсаты мен міндеттері, құндылықтары
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «№5 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1962 жылы құрылды. Жобалық қуаттылығы 720 оқушы. Қазіргі уақытта 1-11 сыныптарда 550 оқушы бар және мектепалды даярлық топтарында 48 тәрбиеленуші.
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «№5 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – жалпы білім беру бағытында жұмыс атқарады. Мектеп аптасына 5-6 күн жұмыс істейді, екі ауысымда.
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «№5 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымына 34 сынып-жиынтығы кіреді: мектепалды даярлық – 2 сынып, бастауыш мектеп – 12 сынып, негізгі мектеп – 14 сынып, ересектер мектебі – 6 сынып. Оқушылар контингенті оқу жылының басында мектеп бойынша бұйрықпен анықталады, оқушылар қозғалысы бойынша бұйрықтар шығарылып, журнал жүргізіледі.
Оқыту нәтижесіне бағытталған бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар:
Мектеп жұмысының негізіне Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2018 жылдың 31 қазанындағы №604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылдың 5 мамырында №182, 2020 жылдың 28 тамызындағы №372 енгізілген толықтырулармен, өзгерістермен) Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарты алынған.
Мектеп іс-қызметінің негізгі мақсаты – педагогикалық жоба мен жылдық жұмыс жоспарын жүзеге асыру негізінде білім беру үрдісі субъектілерінің кәсіби әлеуетінің шығармашылық қалыптасуы, оқушылардың бағдарланған тұлға ретінде дамуы үшін жағдайлар жасау. Мектеп білім беру үрдісін негізгі жалпыбілім беру деңгейлері бойынша үш сатылы білім беру бағдарламалына сәйкес жүзеге асырады:
1 саты – жалпы бастауыш білім беру;
2 саты – жалпы негізгі білім бері;
3 саты – орта (толық) жалпы білім беру.
Мектепті басқару - демократиялық, ашық, жалпыадами құндылықтар, денсаулық пен өмірді қорғау, тұлғаның еркін дамуы қағидалары негізінде, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және №5 орта мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Штаттық кестеге сәйкес, мектеп әкімшілігі толық жабдықталған. Әкімшілік-басқару персоналы кадрларын (ӘБП), директордың орынбасарларын іріктеу және тағайындау біліктілігі мен бейінін ескере отырып, тиімді түрде жүргізілген: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта жүзеге асырылған және ол оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша мектепішілік бақылау сапасы мен нақтылығына оңды ықпал етуде.
Мектептің жылдық жоспары мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарымен төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға, оқушылардың дамуы мен қалыптасуын жүзеге асыруға бағытталған:
-жалпы тұлға мәдениетін, рухани-адамгершілік қасиеттерін;
-ғылымдар негізі бойынша базалық білім жүйесін;
-өзбетімен оқу және тұлғалық өзін-өзі дамыту машығын;
-оқу, жобалық, зерттеушілік іс-қызметті жүзеге асыру машығы;
-сыни және шығармашылық ойлау машығы;
-әлеуметте өзара әрекет ету және өзін-өзі дамыту машығы, қоғамдық өмірде жеке тұлғаның бейімделуі;
-саналы түрде таңдау және мамандық меңгеру машығы, оның ішінде жеке мүмкіндікті,ерекше білімді қажет ететін оқушыларды ескеру.
Жоспарға төмендегі тараулар енгізілген: мектеп туралы ақпараттық анықтама, мектеп іс-қызметінің сараптамасы, жоспарлау, мектепті басқарудың жалпы құрылымы, педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік жұмыстар, қосымша.
Оқу үрдісін ұйымдастыруды жоспарлау оқыту,тәрбие мен дамыту бірлігі қағидаларын жүзеге асыруға бағдарланған.
1-4 сыныптар үшін оқытудың жұмыс жоспары орыс және қазақ тілдерінде оқытылатын сыныптар үшін (2 қосымша, 2021 жылдың 20 тамызындағы ҚР БжҒМ №415 бұйрығы) бастауыш сыныптар үшін (жаңартылған мазмұнда білім беру) оқу жоспары бойынша құрылған.
Бастауыш буында орыс тілінде оқыту бойынша вариативтік жиынтық қарастырылмаған.
5-9 сыныптардың оқу жоспары (жаңартылған мазмұнда білім беру) қазақ (орыс) тілдерінде оқитын негізгі орта білім алатын сыныптар үшін (7 қосымша, 2021 жылдың 20 тамызындағы ҚР БжҒМ №415 бұйрығы) оқу жоспарына сәйкес құрылған.
2021-2022 оқу жылында 10-11 сыныптарда оқитын оқушылар жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытуды таңдады. Аталмыш бағытты таңдауды мектеп оқушылар мен ата-аналардың сұраныстарына қарай таңдады.
Жалпы орта білім алатын орыс тілінде оқитын 10 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта оқыту (жаңартылған мазмұнда білім беру) (33 қосымша, 2021 жылдың 20 тамызындағы ҚР БжҒМ №415 бұйрығы) оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
«Психикалық дамуы тежелген» диагнозы бар 5-9 арнайы сыныптарда білім беру үрдісі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылдың 8 қарашасындағы №500 бұйрығымен бекітілген (10 қосымша, 2021 жылдың 20 тамызындағы ҚР БжҒМ №415 бұйрығы) негізгі орта және жалпы орта білім беру бойынша оқу жоспарына сәйкес (Оқу жоспары (жаңартылған мазмұнда)ерекше білімді қажет ететін орыс тілінде оқытылатын негізгі орта білім берудің оқу жоспары. 6 Тарау. Психикалық дамуы тежелген).
Оқу жоспары жұмыстарының барлығын Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасыны басшысымен келісе отырып, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы бекіткен.
Барлық сыныптар үшін сабақ кестесі жұмыс жоспары негізінде жасалып,мектеп директоры бекіткен. Сабақ кестесіндегі пәндер атауы оқу жоспарындағы пәндер атауына сәйкес.
2021-2022 оқу жылындағы мектеп оқушыларының білім сапасы
(таблица)
Ағымдағы оқу жылын 1-11 сыныптар бойынша ___________оқушы аяқтады, мұнда жалпы білім беретін сыныптар және ерекше білім алуды қажет ететін сыныптар бар. Бағалауға ____оқушы жатады, ______1-ші сыныптар оқушыларына баға қойылМамырды. Оқу жылы көлеміндегі білім сапасы _____пайызды құрады.
Тәрбие жұмыстары жоспары 2021-2022 оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру концепциясы негізінде жасалған.
10-11 сыныптар негізінде мектепте бейіндік оқыту ұйымдастырылған.
Әлемдегі дамыған елдердің басым бөлігінің басшылығы инклюзивті білім беруді жалпы білім беретін мектептердегі барлық балалар үшін, олардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес, білім сапасын арттыруға ықпал ететін, әлемдік білім беру жүйесін жетілдірудің басым бағыты деп атады. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпығаміндетті стандарты жалпы орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірін анықтайды, ол - білім қажеттіліктері мен мүмкіндіктері әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей мүмкіндік беру, сондай-ақ олардың таңдау құқығын жүзеге асыру үшін оқытудың жеке траекториясын құру .
Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық мүмкіндіктеріне, тұрғылықты мекен-жайларына мен сәйкес білім алуға, әлеуметтік бейімделуі, қоғамдағы интеграциялау, баланың тәрбиесі мен дамуындағы отбасы ролін арттыру құқықтарын жүзеге асыру.
«№5 орта мектеп» КММ білім беруді ерекше қажет ететін балаларды оқытуды он жылдан астам жүзеге асырып келеді. 2021-2022 оқу жылында мектепте білім беруді ерекше қажет ететін орыс сыныптарында оқитын балалар үшін (барлығы 43 оқушы) 5 сынып-жиынтығының жұмысын қамтамасыз етуде.
-психикалық дамуы тежелген 5-9 сыныптардағы оқушылар саны 43 адам.
Ағымдағы оқу жылында бастауыш сыныптарда психикалық дамуы тежелген балалар үшін түзете-дамытып оқытылатын сыныптар ашылмағандықтан, инклюзивті оқытылатын балалар саны 0-9 сыныптарда 31 оқушыға дейін артты (____________). Осы санаттағы оқушылармен жұмыс істеу үшін, нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес, педагогтар жеке бейімдеу бағдарламаларын жасады.
Үйде оқыту
Мектеп тарапынан үйде оқытылатын балаларға ерекше назар аударылады. Мектеп бойынша үйде оқытылатын балалар саны – 4 оқушы:
№ | Тегі, аты-жөні | сыныбы | диагнозы | Үйде оқытылған күні |
1 | Иванов А. | 6г | ||
2 | Правдиченко Д. | 8а | ||
3 | Левашов Р. | 10а | ||
4 | Саргизова А. | 7б |
Бұл балаларға ҚР білім және ғылым министрінің 2021 жылдың 26 наурызындағы № 125 (56 қосымша) және 2012 жылдың 8 қарашасындағы №500 «Мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсететін оқу-тәрбие беру ұйымдарының емдеу- профилактикалық, сауықтандыру және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курстарынын өтетін мүгедек балалар үшін сабақ оқуды ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы» бұйрықтары негізінде үйде оқыту ұйымдастырылған. Әрбір оқушы үшін мектеп директоры бекіткен жеке сабақ кестесі жасалған. Оқу жүктемесі оқу жоспары нормасынан артпайды. Үйде оқытылатын балалардың білімін тіркейтін жеке журналдар жүргізіледі.Мұнда өткізілген әрбір сабақ ата-анасының қолымен бекітіледі. Бағалары электронды «Күнделік» журналына қойылады.
Балаларды жан-жақты дамыту мақсатында, оқушылардың бойында мейірімділік, адалдық қасиеттерін, өз әрекетіне деген жауапкершілік, әдептілік, төзімділік, ұжымда жұмыс істеуге бейімділік пен даярлық сыңайлы 21 ғасыр машығын қалыптастыру үшін, 2021-2022 оқу жылында вари ативтік жиынтық сағаттары есебінен Нұсқаулық-әдістемелік хатқа сәйкес, «Жаһандық құзыреттілік» курсы таңдалып алынды.Бұл курс оқушылар бойында 21 ғасыр машықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. 5 сыныптарда оқушылар бойында рухани мәселелерге саналы көзқарас қалыптастыру үшін аптасына бір мәрте өтетін «Әдептілік пен этика» курсы енгізілген. Бұл курс оқушылардың бойында мейірімділік, адалдық, өз әрекетіне деген жауапкершілік, әдептілік, төзімділік, ұжымда жұмыс істеуге бейімділік пен даярлық қасиеттерін дамытады.
6 сыныптар оқушыларының бойында табиғаттың әмбебап құндылықтары туралы ұғымды қалыптастыру, қоршаған ортаға деген танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында, қоршаған ортаны қорғау және зерттеу бойынша аптасына бір сағат «Экология» курсы енгізілген. Бұл курс оқушыларды экологияның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, өз денсаулығына , жақын адамдары мен табиғатқа ұқыптылықпен қарау, электр қуатын, суды үнемдеу, тиімді пайдалану машығын қалыптастыруға ықпал етеді.
«Шебер қолдар» бағдарламасының мақсаты – қолөнер шығармашылығына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты туындатуға, әртүрлі материалдармен жұмыс істей білу машығын қалыптастыруға, түрлі материалдардан бұйымдар жасауға үйретеді.
7 сыныптарда эмоционалдық саланы дамыту, баланың сезімталдығы мен эмоциясы туралы білімін кеңейту арқылы, жалпы эмоционалдық тұрғыда жетілдіру мақсатында аптасына бір сағат «Эмоционалдық зияткерлік және сыни ойлау» курсы енгізілген.
9 сыныптарда дін туралы білім алу үшін аптасына бір сағат «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы енгізілген. Курсты оқыту - құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастыруға, оқушылар бойында азаматтық жауапкершілік сезімі мен этномәдени және дінаралық келісімдерге тәрбиелеу.
8 сыныптарда компьютерде жалпы нысандарды жобалау және кеңістіктік модельдеу ұғымын қалыптастыру, геометриялық құрылғыларды орындай білуге үйрету үшін аптасына бір сағат «Медиасауаттылық» курсы енгізілген. Курстың мақсаты – ересек сыныптар оқушыларының бойында сыни және құқықтық ойлауды қалыптастыру.
10 сыныптарда бизнес және кәсіпкерлік негіздерін қалыптастыру үшін, аптасына 1 сағат «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы енгізілген. Курсты оқыған оқушылар кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, экономика, менеджмент, маркетинг негіздері бойынша базалық білім алады, заманауи нарықтық жағдайда өзбетімен жұмыс істеу үшін, кәсіпкерлік ойлау машығын үйренеді. Курс бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Академиясы ұсынған.
7 сыныптарға арналған «Зерттеу негіздері» курсының мақсаты – оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын арттыра отырып,шығармашылық қабілетін жан-жақты арттыру.Оқу барысында оқушылар өздерінің білімге деген құштарлығын ғана қанағаттандырып қойМамыр,сонымен қатар, зерттеу әдістерімен танысып, зерттеушілік іс-әрекеттер дағдыларын игереді.
8 сыныпқа арналған «Оқу сауаттылығы» вариативтік курс бағдарламасы коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттарына қарай құрылған.Курстың мақсаты – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі, өзіндік пайымдау жасауы,пайдалана білуіне ықпал ету.
10 сыныпқа арналған «Химия есептерін шығару әдістері» бағдарламасының мақсаты – химиялық үрдістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды жүзеге асыра отырып, оқушының өздігінен білім мен білігін толықтыруға бағыттап, ғылыми көзқарасын дамыту.
«Физикадан есептеу және эксперименталдық есептерді шығару» атты таңдау пәнінің мақсаты – мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушыларды теорияны берік меңгеругу, есеп шығарудың дағдылары мен мәдениетін қалыптастыруға арналған.
10 сыныпта қазақтың ұлы ағартушысы Абай шығармашылығын зерттеуді жалғастыру үшін «Абайтану» курсы енгізілген. Бұл бағдарлама 2020 жылдың 27 қарашасындағы «жалпы білім беру ұйымдары үшін таңдалған пәндер мен »