Білім беру саласындағы 2023 жылдың қорытындысы » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің"акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
№5 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 57-60-37
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 20-75-67
Нашар
көрушілер нұсқасы
19
Желтоқсан
2023

Білім беру саласындағы 2023 жылдың қорытындысы


Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады. 📌Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда. 🏫Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді. ⚒️ 210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.🏗️«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды (екі ауысымда).  Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті. 🟢Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілді. 🍽️ 1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.  Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті.  Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты. 👨‍🎓 2023 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам грант бөлінді. 👨‍🎓 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсіп, 41 898 теңгеге (педагогикалық ғылымдар – 67 200 теңгеге) жетті, магистранттар мен докторанттар шәкіртақылары 15%-ға өсіп, тиісінше 97 024 және 217 500 теңгеге көтерілді. 👨‍🎓 Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көтерілді. 🛏️ Биыл 5,9 мың орынға арналған 25 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 5 мың орындық тағы 19 жатақхана ашу жоспарланып отыр. 🎓 Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жалғасуда. 🔗Толығырақ primeminister.kz сайтында. 

Похожие публикации: