14
Сәуір
2019
Наурыз мерекесі бойынша ақпарат/Ақпарат по празднику Наурыз
«Наурыз» мерекесінің өткізілуі бойынша хабарлама
2019 жылдың 20 наурызында біздің мектебіміз рухани-адамгершілік тәрбиелеу және қазақ халқының мәдениетіне, дәстүріне құрметпен қарауды, сондай-ақ халыққа қызығушылықты арттыру мақсатында Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде,
«Наурыз-келді еліме» атты тақырыппен станцияларда ойын өткізілді.
Бұл іс-шараға №13, №19,№39 серіктес мектептердің де оқушылары қатысты. Сол сияқты мектебіміздің ата-аналары да қалыс қалған жоқ.
Оқушылар мектепке келген сәттен бастап мерекелік көңіл-күй барлығында сезілді, бұл бірінші кезекте мектептің дизайны ұлттық бояулар рухында болды.
Мерекелік іс-шара салтанатты бөлімнен басталды, онда мектеп директоры барлық қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мектеп кабинеттерінің барлығында «Ұллтық тағамдар», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық дәстүрлер», «Ұлттық әндер караокесі», «Ұлттық ойындар» т.б станциялар болды. Оқушылар алдын-ала таратылған бағдар беттермен станцияларды аралап, меркеге қатысты.Сонымен қатар, барлық сынып бөлмелерінде, наурыз көже, бауырсақ, жент, құрт сияқты тағамдармен толған дастархандар жайылды.
Мерекені қорытындылау мақсатында,сыныптардың Наурыз мерекесіне
ән-күйлері мен билері тамашаланды.
Мектеп мұғалімдері, оқушылар және ата-аналар «Қара жорға» биімен мерекені аяқтады.