Спорттық эстафета "Анам, әкем және мен"/Спортивная эстафета "Папа, мама и я" » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің"акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
№5 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 57-60-37
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 20-75-67
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Спорттық эстафета "Анам, әкем және мен"/Спортивная эстафета "Папа, мама и я"
14
Сәуір
2019

Спорттық эстафета "Анам, әкем және мен"/Спортивная эстафета "Папа, мама и я"

«Әкем, анам, мен- спорттық отбасы» атты сайыс 

 Мектептегі тәрбие жұмысының басымдықтарының бірі отбасымен жұмыс жасау болып табылады.
Мұғалімдер мен ата-аналар бірдей мақсатқа ие – сау, жақсы дамыған тұлға тәрбиелеу.
Отбасы және мектеп қазіргі заманғы қоғамда лайықты орнын табуға көмектесетін рухани нұсқаулықтардың көзі болуға тиіс. Мектебіміздің ата-аналары осы орайда жақсы қарым- қатынас жасайды.

13 сәуір күні мектебімізде спорттық отбасылық сайыс өткізілді. Сайысқа 2 сынып оқушыларының арасынан 5 отбасы қатысты.Сайысты басынан аяғына дейін дене шынықтыру пәні мұғалімі Мухаев Медет Ишанович басқарды.

 Барлығы, «Допты қолына беру», «Допты аяқтар арасында ауыстыру», «Допты ракеткаға ауыстыру», «Шаңғы эстафетасы», «Балға лақтыру», «Сақинадағы соққылар» сияқты 6 сайыстар өткізілді.Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Супрун отбасы, ІІ орынды Джадраев отбасы, І орынды Әлібек және Донин отбасылары иеленді. Ата-аналарды құттықтау қағаздарымен мектептің тәрбие ісі орынбасары Сыдыкова Л.К. марапаттады.
 Қатысушылар да, жанкүйерлер де байқаудан үлкен рахаттанып, көптеген оң әсер қалдырды.