Жарықтың сыну заңы және алгоритімді әзірлеу»
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Жарық құбылыстары | ||||
Педагогтің аты-жөні: | Мұхаметқан А.С., Куанышева Д.Б. | ||||
Күні: | 23.04.2025 | ||||
Сынып: | 8 «Б» | ||||
Сабақтың тақырыбы: | «Жарықтың сыну заңы және алгоритімді әзірлеу» | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.5.1.6 – жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу; 8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару; 8.3.1.1. Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау 8.3.2.1. Алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру | ||||
Сабақтың мақсаты | Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңын біледі. Сәуленің түсу бұрышының сыну бұрышына тәуелділігін түсіндіру. Алгоритмді әзірлеуде тиімді алгоритмдерді анықтай алады. Алгоритмдерді әзірлеуде тиімді алгоритимдерді қолдана алады. Python программалау тілінле тапсырма модельін жасай алады. | ||||
Бағалау критерий | Жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығарады. Жазық параллель пластинада сәуленің жолын салады. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы 3 минут Өткенге шолу 5 минут Жаңа сабаққа дайындық 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. «Сәттілік фартунасы» арқылы бір-біріне жақсы күй сыйлау «Фонарь» әдісі арқылы топқа бөлу. Үй тапсырмасын тексеру Wordwall платформасында «Колесо» әдісі арқылы үй тапсырмасын айтатын оқушыны таңдау 1) Сфералық айна дегеніміз қандай айна? 2) Компьютерде есеп шығару кезеңдері қандай? 3)Қандай кескін нақты деп аталады? 4) Мәселені қалыптастыру дегеніміз не? 5) Шағылу бұрышы 35 º болса, түсу бұрышы неге тең? (Егер шағылу бұрышы 35º болса, онда түсу бұрышы да 35º болады. Бұл жарықтың шағылу заңы бойынша түсіндіріледі: Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең) 6) Кіріс мәліметтері дегеніміз не? 7) Сфералық айнада кескін салуға мүмкіндік беретін үш тамаша сәулелерді атаңыз 8) Шығыс мәліметтері дегеніміз не? «Миға шабуыл» әдісі Жағдаят бойынша сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатымен таныстыру. Мұғалім түсіндірмесі (2-3 минут) Сабақты түсіндіру | Оқушылар лупаның көмегімен топқа бөлінеді. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді | Бағалау парақтарын таратып беру Сұрақтарға жауап береді | Қағаз қиындылары https://wordwall.net/play/90651/280/117 8 сыныпқа арналған физика және информатика оқулықтары, интерактивті тақта, слайд Демонстрация, слайд | |
Сабақтың ортасы Топтық жұмыс 10 минут 5 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 мин | 1 тапсырма. Құрылымдық есеп Жарықтың сыну заңына байланысты мәтін беріледі, сол мәтін бойынша 3 сұрақ дайындалған. 2 тапсырма. Практикалық жұмыс Есепті Python бағдарламасына салып есептейді Сергіту сәті Тақырыпқа байланысты фокус көрсету 3 тапсырма. Сөзжұмбақ шешу Wordwall платформасында «Сөзжұмбақ» әдісі арқылы жаңа сабақты бекітеді Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі Бағалау. Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау Үй тапсырмасы §39 оқу, 23- жаттығудың 7,8 есептерін шығару | Әр топ басшысы тақтаға шығып тапсырмасы бар қағаз ақшаларын таңдап алады. Python бағдарламасын қолданып, құрылымдық есептегі соңғы 3-нші сұрақтағы есепті шығарады. Оқушылар бекіту тапсырмасын орындайды Оқушылар тақтаға келіп, бағдаршамның түсіне байланысты басу арқылы сабаққа кері байланыстарын береді | 1 тапсырма бойынша 3 сұрақ 6 балл 2 балл 2 балл 1-10 балл | Тапсырмалары бар қағаз ақшалар, слайд Слайд, ноутбуктар, Python бағдарламасы https://wordwall.net/ru/resource/55035367/%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%83%D1%8B https://classroomscreen.com/app/screen/w/cae9b5c3-bd93-45cb-8e1f-593d401dcc11/g/0f0c7508-6388-4439-8bfa-7025c9a55c75/s/cbd348fb-2341-423e-b825-46478d69a3aa https://classroomscreen.com/app/screen/w/cae9b5c3-bd93-45cb-8e1f-593d401dcc11/g/0f0c7508-6388-4439-8bfa-7025c9a55c75/s/e91fd65b-9ae5-4d3b-993b-8b5ae0dd5f5a | |
1) Сфералық айна дегеніміз қандай айна? (Шағылдырғыш беті сфераның бөлігі болып табылатын айна)
2) Компьютерде есеп шығару кезеңдері қандай?
3)Қандай кескін нақты деп аталады? (Ойыс айна жарықты жинақтайды және осы айнаның фокусы нақты деп аталады, себебі онда айнадан шағылған сәулелер жинақталады)
4) Мәселені қалыптастыру дегеніміз не?
5) Шағылу бұрышы 35 º болса, түсу бұрышы неге тең? (Егер шағылу бұрышы 35º болса, онда түсу бұрышы да 35º болады. Бұл жарықтың шағылу заңы бойынша түсіндіріледі: Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең)
6) Кіріс мәліметтері дегеніміз не?
7) Сфералық айнада кескін салуға мүмкіндік беретін үш тамаша сәулелерді атаңыз (сәуле 1 ол айнаның бас оптикалық осіне паралель бағытта түсіп, айнадан шағылған соң айнаның фокусы арқылы өтеді. Сәуле 2 айнаның қисықтық центрі арқылы өтіп, айнаданшағылған соң сол бағытта таралады. Сәуле 3 айнаның фокусы арқылы өтіп, одан шағылған соң бас оптикалық оське паралель бағытта таралады.)
8) Шығыс мәліметтері дегеніміз не?