«Радуга» шағын орталығы «Балапан» тобының қорытынды есебі
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінін
«№5 орта мектеп» КММ жанындағы
«Радуга» шағын орталығы
«Балапан» тобының
қорытынды есебі
Тәрбиеші: Жусупова С.Ы.
2023-2024ж
2023-2024 оқу жылында шағын арталығы «Радуга » (3-5 жас) тобының алдына қойған мақсатымыз:
- Балалардың тілдік қатынасын жан- жақты дамытуда көркемдік сөзді қолдану және дидактикалық ойындарды пайдалану.
- Бүлдіршіндердің жан- жақты шығармашылық қабілеттерінің дамуына педагогикалық ықпал ету.
Міндетіміз:
Ø Тәрбиеші бағдарлама мазмұнымен толық таныс болу және сөйлеуді дамытудың әдіс-тәсілдері мен технологиясын меңгеру;
Ø Балалармен жұмыс жүргізудің іскерлік дағдыларын жетілдіріп отыру;
Ø Ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын тиімді қолдану;
Ø Баланың сөйлеуді дамытуда сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру және үнемі біліктілігін жетілдіріп отыру;
Ø Осы міндеттерді іске асыра отырып жылдық қорытынды есепті шығарып отырмыз.
шағын арталығы «Радуга » тобында жыл басында 25 бала қабылданды. Балалардың өзіне-өзі қызмет ету қабілеті жақсы дамыған.
Ата-аналарға «Сіздің балаңыз қандай» және «Балабақшада бірінші рет», «Балабақша мен отбасының тығыз байланысы»
тренингтер, кеңестер, лекциялар, беріліп, жылжымалы папкі жасалды. Қабылдау бөлмесінде ата-аналарға арналған бұрыш бар, сол бұрышқа балабақша психологінің пайдалы кеңестері, хабарландырулар, құттықтаулар, ілінеді.
Бір рет ата-аналар жиналысы, «Баланың балабақшаға бейімделуі», «Балабақшадағы өтетін қызықты күн тәртібі»-деген тақырыпта өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар комитетін сайлап, хаттамасы толтырылып отырды.
Қазан айының 9-13 аралығында «Алтын күз, әсем айналам...» атындағы фотобайқауфы және топ безендіру жұмыстарын педагогикалық талапқа сай, эстетикалық-көркемдік талғаммен ұйымдастырылды. «Күзгі гүл шоқ» атты көкеністер мен жемістерден жасалған көрме сайысы өтті. Көрмеге
өзінің «Бау- бақша» атты көрмесімен және топты безендіріп атсалысты. Бұл сайысқа топтың тәрбиешілері мен қоса ата-аналарыда қатысып белсенділік танытты. Топтағы 25 баланың 18 ата-анасы қатысып, күзгі сайысқа әр түрлі суреттер салып, көрмеге дайындалды. Көрменің нәтижесінде барлық ата-аналарымыз Алғыс хаттармен марапатталып, ал балабақша ішінде өткен сайыста балапан тобы 1-орынды иеленді. Әр еңбектің –жемісін көру, тәрбиешілерді қуанышқа бөледі.
2023 жылы қазан айында Күз мезгіліне арналған «Берекелі алтын күз» тақырыбында ертеңгілік өтті.
Ертеңгілікке 17 бала қатысты. Ертеңгілік тақырыпқа сай, ерекше көңіл күйде өтті. Балалар ертеңгілікке алдын ала әзірленіп,дайындалған. Киімдері эстетикалық талғамға сай болды. Балалар осы күнді асыға күткендей көңіл – күйде жүрді. Өздерін ерекше, жоғары бағалады. Ертеңгілік барысында «Жемістер», «Алма» әндері орындалып, балалар үш тілде тақпақтарын айтты. «Жеміс жинау» ойынында балалар өздерінің шапшаңдығын көрсетіп, белсенділік танытты. Сонымен қатар мың бұралған биші қыздарымыз «Бұлттар» биін билесе, «Шалқан» орыс халық ертегісін балалар жоғары деңгейде сахналай білді.
28.11.2023ж «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тәрбиелік іс-шара өткізілді. Ертеңгіліктің негізгі мақсаты: Қазақстанның кең байтақ,бай мемлекет екенін түсіндіру.Мемлекет астанасы туралы түсінік беру. Рәміздер туралы түсінік беру.
желтоқсан айында «Тәуелсіз елім- кең байтақ жерім!» атты ата-аналармен бірлескен жұмыстар
ұйымдастырдық, яғни: әртүрлі тәуелсіздік тақырыбындағы буклеттер, қол өнерлер әкелді. Сонымен қатар, тақырыпқа сай ата-аналармен бірге дәстүрден тыс сурет көрме ұйымдастрылып көркемдік эстетикалық талапқа сай жұмыстар жасап әкелді.
25 желтоқсан айында «Кел, Жаңа Жыл ортаға!» тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертегілік ертегі «Маша мен аю» желісінде өткізілді.
«Ана - өмірдің шуағы» атты ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар, әжелерді мерекелерімен құттықтау. Ананың мейірімімен, махаббатымен жақсылығын түсініп оған балалық сүйіспеншілігін жауап бере білуге үйрету. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
«Армысың, әз Наурыз» мерекелік ертеңгілік өткізілді. Наурыз мерекесі музыка залында екі топ бірігіп өткізілді. Олар: Қызғалдақ пен Құлпынай. Мереке ертегі желісінді өткізілді. Әр түрлі ұлттық ойындар ойндар ойнатылып, ән айтылды. Топта барлық балалар қатысты. Балаларға қазақтың костюмдері кигізілді
Жүктемеге сай балабақша әдіскері бекіткен сабақ кестесі бойынша сабақтар күнделікті жүргізіліп отырды. Баланың тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, қарапайым математика пәндерін өткізумен қатар әр балаға жеке жұмыс дәптері ашылып, үйге тапсырмалар беріліп отырды.
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда баланың дамуын ынталандыратын негізгі құзіреттілігін табысты қалыптастыратын заттық-дамытушы ортаны дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.Қазіргі таңда топта орталықтар Экологиялық орталық, әдеби, бейнелеу, ойын, моторика, желілі – рөлді ойындар, спорт, құрастыру, асхана кезекшілігі, туған күн, музыка, ақпарат, ата – аналарға арналған ақпараттық орталықтармен толықтырылса, қосымша «Дәріхана», «Шаштараз», сияқты жиһаздармен жабдықталды. Әр ойынның сюжетін өз мәнінде өрбіту үшін қажетті дәрігер халатын, аспазшы алжапқышын және қалпағын ата-аналар дайындап әкелді. Орталықтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойыншықтармен , оқу-құралдарымен толықтырылды.
Сауықтыру жұмыстары-суық сумен жуыну, майтабандылыққа арналған нүктелі дарожкадан жүру,тыныс алу жаттығулары, уқалау, ұйқыдан кейінгі жаттығулар үнемі жоспарға сай балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізілді. Серуендеу кезінде ауа райы құбылыстарын бақылап, әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты қимылды ойындар, шанамен сырғанау, хоккей ойынын, құмда ойнау балаларға ерекше есте қалдырар сәттер сыйлады.
Сонымен қатар, баланың қолының моторикасын дамытып, ептілікке, еңбекке тәрбиелеу мақсатында мүсіндеу, сурет, құрастыру; есту қабілетін дамыту мақсатында музыка және дене бітімдерін дұрыс қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру пәні жүргізілді.
Мамыр айының соңында балалардың І-жартыжылдықтағы білімдері мен ІІ-жарты жылдықтағы білім деңгейінің дамуын анықтауға арналған қорытынды салыстыру диагностикасы жүргізілді. Жинаған ұпай сандары бойынша мынадай қорытынды шықты:
Оқу жылы: 2023-2024 ж
Топ: «Балапан»
Өткізу кезеңі: қорытынды
Өткізу мерзімі: 1-15мамыр
Қатысқан бала саны: 25
№ | Дағды | Барлық бала саны | олардың ішінде дағдылары жоғары бала саны, Бастапқы және қорытынды |
1 | Физикалық қасиеттерді дамыту | 25 | 60- 85% |
2 | Коммуникативтік дағдыларды дамыту | 25 | 50-80% |
3 | Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту | 25 | 55-77% |
4 | Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту | 25 | 60- 80% |
5 | Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру | 25 | 55-78% |
Физикалық қасиеттерді дамыту.
бастапқы пайыздық көрсеткіш | қорытынды пайыздық көрсеткіш |
60 | 85% |
Төмен деңгейдегі мәселелі аймағы:
Физикалық қасиеттерді дамыту бойынша бастапқы деңгейдегі пайыздық көрсеткіш-88%.Себебі салауатты өмір салты туралы түсініктері қалыптасқан. Жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын сақтайды. Дене жаттығуларын орындауда қызығушылық танытады.
Мәселелі аймақты шешу жолдары:
1.Түрлі тапсырмалар орындатып, үшеуден,екуден сапта жүрді үйретуді жалғасыру.
2.Күннің II-ші жартысында дене шынықтыру,сауықтыру шараларын ұйымдастыру.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Бастапқы пайыздық көрсеткіш | қорытынды пайыздық көрсеткіш |
50% | 80% |
Төмен деңгейдегі мәселелі аймағы: Коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша жоғары деңгейдегі пайыздық көрсеткіш-68%.Себебі балалар дұрыс сөйлеу қарқынына дамыған. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады. Үлгі бойынша әңгіме құрастыра алады.
Мәселелі аймақты шешу жолдары:
1.Балалардың тыңдау және айтылым дағдыларын дамытуды жалғастыру.
2.Балаларды таныс ертегілерді сахналауға дағдыландыру.
3. Үлгі бойынша әңгіме құрастыруға дағдыландыру.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
бастапқы пайыздық көрсеткіш | қорытынды пайыздық көрсеткіш |
55% | 77% |
Төмен деңгейдегі мәселелі аймағы: Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту бойынша жоғары деңгейдегі пайыздық көрсеткіш-68%.Себебі құрылыс бөлшектерінен құрастыруда ені,ұзындығы ,биіктігі бойынша құрастыруды өзгертуде және құрылымдық қасиеттерін ескере отыырып сақтайды. Кеңістікті бағдарлауда ,шамалар бойынша жұмыс жасауда белсенділік танытады. 5 көлемді сандарды санап,цифрды таниды
Мәселелі аймақты шешу жолдары:
1.Қарапайым тәжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын дамытуды жалғастыру.
2.Қағаздан көлемді пішінді жасауды үйренуді жалғастыру.
3.Заттарды түсіне,пішініне,көлемі бойынша топтастыра алуға үйретуді жалғастыру.
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
орташа пайыздық көрсеткіш | қорытынды пайыздық көрсеткіш |
60% | 80% |
Төмен деңгейдегі мәселелі аймағы: Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту бойынша жоғары деңгейдегі пайыздық көрсеткіш-84%.Себебі жапсыруда балалар қайшымен дұрыс жұмыс жасай алады . Компазиция құрай алады. Яғни жапсыру әдіс-тәсілдерін жетік біледі, шығармашылық ой-өрісін дамыған, қағаздың қасиеттері жайлы біледі (жыртылады,мыжылады,оңай мыжылады)
Мәселелі аймақты шешу жолдары:
1.Желімдеудің машықтарын дамытуды жалғастыру.
2.Кеңістікте бөлшектерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру іскерліктерін дамытуды жалғастыру.
3. Жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнекер жасауға үйрету.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
бастапқы пайыздық көрсеткіш | қорытынды пайыздық көрсеткіш |
55% | 78% |
Төмен деңгейдегі мәселелі аймағы: Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру бойынша жоғары пайыздық көрсеткіш-76%,Өзі туған елді мекенін, туған елін атай алады. Ұлттық киімдер және қазақ киіз үйінің ішіндегі заттарын атауын біледі.
Мәселелі аймақты шешу жолдары:
1.Балаларды шамасы келетін жұмыстарға қатысу қажеттілігін қалыптастыру,үлкендердің еңбек әрекетіне деген қызығушылығын тудыруды жалғастыру.
2.Өсімдіктерді күту бойынша барлық жұмыстарды бүлдіршіндердің қатысумен,олардың шамасы келетін жұмыстарға қатыстыруды ұйымдастыру.
3.Отбасы мүшелері туралы еркін әңгімелеуді жетілдіру.
2023-2024 оқу жылы бойынша үлгерім 100%, білім сапасы 80 % құрайды
Балалардың оқу қызметіндегі белсенділігі мен дамуы
Балалар оқу қызметінде белсенділік танытып, сабаққа қызығушылықпен қатысады. Олардың жоғары нәтиже көрсетуінің басты себебі – түстерді, пішіндерді, көлем мен ұғымдарды жақсы меңгеріп, ажырата алуы, сондай-ақ тілдерінің жақсы дамуы. Дегенмен, кейбір балалар сабаққа қызығушылық танытқанымен, белсенділіктері төмен. Олар түстерді, пішіндерді, көлем мен ұғымдарды ажырату барысында қиындықтарға тап болып, қателіктер жібереді. Мұның себебі – топтағы балалардың жас ерекшеліктерінің сәйкес келмеуі, ана тілінде еркін сөйлей алмауы және кейбір балалардың балабақшаға алғаш рет келуі.
Балалардың білім деңгейін жақсарту мақсатында:
- Тіл дамытуға арналған жұмыстар жүргізілді: байланыстырып сөйлеу, сөйлем құрау, сурет бойынша әңгімелеу.
- Жеке жұмыстар ұйымдастырылды: әр баланың деңгейіне сай тапсырмалар әзірленіп, ата-аналармен бірлесе жұмыс жасалды.
- Дидактикалық, танымдық және логикалық ойындар өткізілді.
- Көрнекі құралдар мен үлестірме материалдар дайындалып, жеке папкалар жинақталды.
Келесі оқу жылына қойылған мақсаттар:
✔ Экологиялық тәрбиенің кешенді бағытын қалыптастыру.
✔ Балалар арасында дұрыс қарым-қатынас орнату, тату ұжым құру.
✔ Балалардың белсенді ойлау қабілетін және ақыл-ойын дамыту.
✔ Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін жетілдіру.
Бұл жұмыс балалардың жан-жақты дамуына, оқу процесіне белсенді қатысуына және білім сапасының артуына ықпал етеді.